Жалпы мәлiметтер

Виноградов селолық округi ауданның солтүстiк жағында орналасқан, оның құрамында үш село бар: Виноградовка — 965, Исаковка — 90, Сумное — 331 адам. Селолық округте бiрнеше ұлт өкiлдерi тұрады: қазақтар, орыстар, украиндар, немiстер, татарлар, поляктар және басқалар. Селолық округте 380 үй бар. Округте екi мектеп жұмыс iстейдi: бiрi Сумное селосындағы негiзгi мектеп және Виноградовка селосындағы орта мектеп, Сумное және Исаковка селоларында екi медициналық пункт бар.

Экономика: Виноградов селолық округiнiң аумағы — 35093 га. Соның iшiнде жалпы ауылшаруашылық алқаптарының көлемi — 23647 га. Селолық округ аумағында ауылшаруашылық өнiмдерiн ұқсатумен айналысатын 6 ЖШС, 11 шаруа қожалығы бар. Селолық округ аумағында 5 дүкен, 5 дүңгiршек, 1 шағын наубайхана бар. Селолық округ халқы үй малы мен құсын өсiрумен айналысады. Селолық округ бойынша 991 IҚМ, қой — 424, жылқы — 318, шошқа — 629, құс — 5808. Селолық округ орталығынан аудан орталығына дейiн — 62 шақырым, облыс орталығына дейiн — 50 шақырым.

Селолық округ тарихы: Округ орталығы Виноградовка селосы 1931 жылы құрылған, кеңес үкiметi қалыптасу жылдары «Молотов атындағы» совхоз, кейiн «Свердлов атындағы» колхоз құрылған. 1950 жылдан бастап «Малют» совхозы, кейiн «Налобин» совхозы болып аталды. 1961 жылдан бастап «Виноргадовский» болып өзгертiлген. Виноградов селолық округi 1997 жылы құрылған.

Послание президента РКАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет